Педагогтермен кездесу

Педагогтермен кездесу

 

2025 жылғы 18 қарашада мектептерді мемлекеттік аттестаттау аясында Жамбыл ауданының Буденное жалпы білім беретін мектебінің, Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің және Озерное жалпы орта білім беретін мектебінің 4 және 9-сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізілді. 

Аталған мектептердің оқушылары өздерінің дайындығының көрсетіп, тестілеуден сәтті өтті.

Сол күні Буденное жалпы білім беретін мектебінде Департаменттің бас маманы Нұртаева К.Б. педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуы, мектептерді мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібі, сондай-ақ білім департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы мәселелер талқыланды.