Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар

2025 жылғы 13 қараша күні Петропавл қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен КМҚК «Нұрсәт» ясли-бақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған семинар өтті. Семинарда тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері, соның ішінде мемлекеттік аттестаттауға дайындық аясында өзін-өзі бағалау жүргізу мәселелері қаралды.

Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина М.А. қатысты. Өз сөзінде ол 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бұзылу фактілеріне шолу жасап, аттестаттауға дайындық кезінде өзін-өзі бағалау материалдарын дұрыс әзірлеудің маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.