
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен 2025 жылғы 5 қарашада Білім басқармалары мен бөлімдерінің, сондай-ақ білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшыларымен кеңес өтті.
Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы М. А. Панарина қатысты.
Министрмен кездесу барысында білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Жұмыс кеңесінде Департамент қызметкерлерімен кеңес қорытындылары мен Министрдің тапсырмалары талқыланды.