
2025 жылғы 30 қазанда Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М.А. Панарина мен бас маман М.Ж. Серікбаева Петропавл қаласындағы «Lightway білім беру орталығы» ЖШС филиалына «Бастауыш білім беру» қызметінің кіші түрі бойынша лицензия алу туралы өтініш аясында лицензиялау алдындағы бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында педагогтердің жеке іс-қағаздары, оқулықтардың қолжетімділігі қаралды, оқу кабинеттері, спорт залы мен тамақтану бөлмесіне визуалды шолу жүргізілді.
Мектепті қарау нәтижесінде, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда (МЖМБС) белгіленген күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ноутбуктер мен интерактивті панельдердің көзделгені анықталды.
Мектептің барлық үй-жайлары мен жиһаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығының талаптарына сай жабдықталған.