Педагогтермен кездесу

Педагогтермен кездесу

2025 жылғы 23 қазанда мектептерді мемлекеттік аттестаттау аясында Жамбыл ауданының Украин жалпы білім беретін мектебі мен Благовещенск жалпы білім беретін мектеп-бөбекжайының 4 және 9-сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізілді. 

Оқушылар өздерінің дайындығының көрсетіп, тестілеуден сәтті өтті.

Сол күні Украин жалпы білім беру мектебінде Департаменттің бас маманы Нұртаева К.Б. педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуы, мектептерді мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібі, сондай-ақ білім департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы мәселелер талқыланды.