
2025 жылдың 15 қазанында Алматыда инклюзивті білім беруге арналған Дүниежүзілік конгресс өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын бұл шараға 51 мыңнан астам адам қатысуда. Олардың қатарында білім беру саласының сарапшылары, педагогтер, ата-аналар, бизнес өкілдері, депутаттар, білім ұйымдарының басшылары мен министрлік өкілдері бар.
Шетелдік спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, инклюзивті балаларды қоғамға бейімдеуде және жан-жақты дамытуда заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің маңыздылығын атап өтті.