Ағымдағы жылдың 7 қазанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева аудандық, қалалық білім беру бөлімдері басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте «Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 197 бұйрығын , «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы түсіндіріліп, талқыланды.
Аталған мәселелер бойынша «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лейла Серікқызы Альмагамбетова және СҚО Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Серікқызы Шаймерденова сөз сөйледі.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған заңнамалық шаралар мен шағымдарды талдау мәселелері бойынша Департаменттің мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Марина Анатольевна Панарина сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева жергілікті жерлерде педагог мәртебесін іске асыру, жалақыны арттыру, педагогтерді қолдау жөніндегі республикалық және өңірлік жобалар, педагогтердің құқықтарын қорғау, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы», «Ұстаз» платформасы және т. б. жобалар бойынша педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру туралы ақпаратты жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша Департамент басшысы ұсынымдар берді.