Аппараттық кеңеске қатысу туралы

Аппараттық кеңеске қатысу туралы

Ағымдағы жылдың 6 қазанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Серік Кенесұлы Әшировтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қатысты.
Кеңесте 4 мәселе қаралды: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған заңнамалық шаралар туралы, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы, білім алушыларды тасымалдау мәселелері және «Келешек мектептері» жобасы аясында мектептерді ашу және білім беру қызметіне лицензия алу туралы.
Кеңес барысында мәселелер талқыланып, соңында Комитет төрағасы аумақтық Департаменттердің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.