Салтанатты іс-шараға қатысту туралы

Салтанатты іс-шараға қатысту туралы

 

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева облыс әкімінің қатысуымен өткен мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан облысымыздың педагогтеріне құрмет көрсетті. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Петропавл қаласының «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Саруар Оразқызы Базарбаева марапатталды.

Уәлиханов ауданының білім бөлімінің «Мортық орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Гүлжан Қапезқызы Сейітоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді.
Сондай-ақ, облыс әкімі көптеген педагогтерге білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін наградалар табыс етті.
Іс-шара соңында облыс педагогтеріне мерекелік концерт ұсынылды.