Бүгін 2025 жылғы 14 тамызында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы және мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Серікбаева Маржан Жақсылыққызы «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» педагогтардың республикалық тамыз конференциясының панельдік секцияларына қатысты.
«943 – елдегі нысаналы мектептерді дамыту» секциясында «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ басқарма төрағасы Айдана Сенбекқызы Шилибекова ұсынған нысаналы мектептер педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытудағы нәтижелер мен прогрессі талқыланды.
Мақсатты мектептердің KPI жетістіктерінің талдауы Ахмет Байтұрсынов атындағы «Талдау» ұлттық білім беруді зерттеу және бағалау орталығы АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсел Сағадатқызы Қамбатырова ұсынды.
Сондай-ақ спикерлер ретінде Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының аға ғылыми қызметкері Кадирова Әсел Толкынқызы мектепішілік бақылау мәселесі бойынша сөз сөйледі, Ақжайық аудандық білім бөлімінің «Алмалы ОМ» КММ ОМ директоры Дошанова Самал Нигметқызы, Testter.kz жобаның құрылтайшысы Дупик Андрей Александрович өз тәжірибелерімен бөлісті.
Панельдік секцияны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұйымдастырды, Комитет төрағасы Серік Кеңесұлы Әшіров модерациялады.
Секция жұмысына ҚР білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері және аудандық және қалалық білім бөлімдерінің меңгерушілері мен нысаналы мектептердің директорлары қатысты.
Панельдік секция тәжірибе алмасуға және мақсатты мектептердің білім сапасын арттырудың тиімді шешімдерін іздеуге арналған алаңға айналды.