Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін тексеру туралы

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін тексеру туралы

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Қуандыққызы Сурагановамен бірлесіп Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева, білім беру қызметін бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Марина Анатольевна Панарина және Департаменттің бас маманы Маржан Жақсалыққызы Серікбаева жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, «Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Петропавл қаласындағы жасөспірімдер үйі» КММ-де болып қайтты.
Сондай-ақ, Қызылжар ауданының Архангелка ауылында орналасқан «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ, Мағжан Жұмабаев ауданының Полудино ауылында орналасқан «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ да болды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін тексеру Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген чек-параққа сәйкес жүргізілуде.