
Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы білім беру ұйымдарын 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлының төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде министрлік әзірлеген кестеге сәйкес жаңа оқу жылына дайындық мәселесі бойынша Маңғыстау, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарының білім басқармаларының басшылары баяндады. Өңірлердегі жұмыстар мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа объектілер салу, күрделі, ағымдағы жөндеулер жүргізу, жылыту маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨБ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, аулалық дәретханаларды бөлшектеу және т.б. бойынша жүргізілуде.
Осы облыстардың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары жаңа оқу жылына дайындығы бойынша проблемалық мәселелерді атап өтті.
Кеңес соңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлы мәжіліске қатысқан білім басқармасының басшылары мен білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшыларына бірнеше тапсырмалар берді.