Рұқсаттық бақылау жүргізу

Рұқсаттық бақылау жүргізу

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді және олардың бірі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығына сәйкес лицензиялау болып табылады (бұдан әрі-Қағидалар).
Бүгін, 2025 ж. 25.07., Департаменттің бас мамандары Серікбаева Маржан Жақсалыққызы мен Нұртаева Құлзағира Бикенқызы Петропавл қаласының «Орман» шағын ауданындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде салынған «№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де білім беру қызметіне лицензия беру бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерді, бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізді.Қағидаларға сәйкес жауапты қызметкер сараптамалық қорытынды қалыптастырып оны комиссияның қарауына ұсынатын болады.