Білім беру ұйымдарына бару (жаңа құрылыс, жөндеу жұмыстары)

Білім беру ұйымдарына бару (жаңа құрылыс, жөндеу жұмыстары)

Жаңа білім беру нысандарының құрылысына мониторинг жүргізу аясында 2025 ж. 23.07. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Петропавл қаласындағы «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатқан 280 орындық балабақшаның құрылысымен танысты.
Нысанның құрылысын «ЖШС Основание» мердігерлік ұйымы жүргізуде. Бүгінгі күні жұмыстар бекітілген жұмыс кестесімен 50-53% - ға орындалды, жобаны аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айында көзделген.
Сондай-ақ, Департамент басшысы Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп - лицейінде болып, мектепті күрделі жөндеуден өткізу барысымен танысты.
Жөндеуге 127 млн. теңге бөлінген, шатырды ауыстыру, бүкіл мектеп бойынша едендегі линолиумды ауыстыру, кіреберісте плиткаларды жаңарту, санитарлық тораптарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мектеп асханасына жабдықтар сатып алынған.