600 оқушыға арналған «Береке» шағын ауданындағы мектептің құрылыс объектісіне бару

600 оқушыға арналған «Береке» шағын ауданындағы мектептің құрылыс объектісіне бару

Жаңа білім беру объектілерінің құрылысы мен «Жайлы мектеп» ұлттық жобаның іске асыру мониторингі шеңберінде бүгін, 2025 ж. 22.07., Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева 600 оқушыға арналған «Береке» шағын ауданындағы мектептің құрылыс объектісіне барды.
Құрылыс учаскесінің шебері Сағнаев Жанаттың айтуынша, нысанда 125 адам және ауыр техниканың 6 түрі жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда жұмыстар 80% орындалды. Аумақты ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер жүргізілді, аумақты абаттандыру ағымдағы аптаның соңында аяқталады деп жоспарлануда, нысанды жұмыс кестесі бойынша тапсыру ағымдағы жылдың тамыз айының соңына жоспарланған.
Сондай-ақ, Департамент басшысы техникалық қадағалаушы Руслан Буташевпен және мектеп директорының м.а. Сәуле Нұрғалиқызы Тұрсыновамен кездесу өткізді. Кездесу барысында нысанды салу және жабдықтар мен жиһаздармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.