Тамыз саммитіне дайындық туралы

Тамыз саммитіне дайындық туралы

Тамыз саммитіне дайындық туралы

Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекованың төрағалығымен оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыз саммитіне дайындық мәселесі бойынша өткізілген кеңеске қатысты.
Кеңеске қатысушыларға ағымдағы жылдың 18-22 тамызында өткізілетін педагогтердің өңірлік тамыз конференциясын өткізу бойынша түсініктемелер берілді. Конференцияның мақсаты – цифрландырудың жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыру тәсілдерін белгілеу. Қарастырылатын өзекті тақырыптар да ұсынылды.
Педагогтердің республикалық саммитін өткізудің алдын ала бағдарламасымен «Өрлеу «Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдана Сенбекқызы Шилибекова таныстырды.