Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына даярлау мәселесі бойынша кеңес

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына даярлау мәселесі бойынша кеңес

Бүгін, 2025 ж.11.07. департамент басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына даярлау мәселесі бойынша: мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа объектілер салу, күрделі, ағымдағы жөндеулер жүргізу, жылу маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨБ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, аулалық дәретханаларды бөлшектеу, балаларға психологиялық қолдау орталықтарын дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бүгінгі таңда оқулықтар мен ОӘК тасымалдау бойынша баспалармен және ұйымдармен келісім шарттар жасасу мәселесіне ерекше назар аударылды. Келісім шарт жасасу бойынша проблемалық мәселелер Мағжан Жұмабаев, Тимирязев, Жамбыл аудандарында және Петропавл қаласында кездеседі, қалған аудандарда баспалармен келісім шарттар жасалды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы бұл мәселе бойынша күнделікті мониторинг жүргізуде.