
2025 ж. 11.07. департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру Комитеті төрағасының орынбасары Дулат Шайкенұлы Жекебаев төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі өңірлердің жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы, атап айтқанда мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа объектілер салу, күрделі, ағымдағы жөндеулер жүргізу, жылыту маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨБ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, аула сыртындағы объектілерді бөлшектеу балаларды психологиялық қолдау орталықтарын дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты есептері бойынша кесте әзірледі.
Бүгін барлық мәселелер бойынша Атырау облыс, Қарағанды облысы, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аумақтық Департаменттер меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарын қамытып мониторингтік іс-шараларды жүргізеді.