Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі консультативтік-кеңесші орган 2021 жылғы қаңтарда құрылды. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің атауына (бұдан әрі – Кеңес) және педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.
Кеңес құрамына: бір педагог-зерттеуші, бір педагог-шебер, бір «Үздік педагог» атағының иегері, педагогикалық еңбек ардагері, басқарманың, білім беру бөлімдерінің, біліктілікті арттыру ұйымдарының және өңірлік әдістемелік орталықтардың өкілдері, білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіподақтардың өкілі кірді. Барлығы 11 адам.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 отырыс өткізілді.
Департамент қызметкерлері педагогтердің, ата-аналардың БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі өтініштері бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, күнделікті мониторинг жүргізеді, 5000 астам педагогтен тұратын «Педагогтерді қолдау» телеграмм-чаты жұмыс істейді.
Ұлттық білім беру деректер базасында «Педагогикалық әдеп және педагог құқықтарын қорғау» бөлімі бар. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті осы бөлімге педагогикалық әдеп нормаларын және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңын бұзған педагогтердің деректерін енгізеді. 01.07.2025 жылға педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзған-2 (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту, педагогтен есептілікті не Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген ақпаратты талап ету);
Педагогикалық әдеп нормаларын бұзған 4 педагог (Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол беру, өз қызметтік міндеттерін жосықсыз және сапасыз орындау, әріптестеріне қатысты жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамау, педагогикалық этиканың негізгі қағидаттарын сақтамау).
Жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықта педагогтердің еңбегіне уақытылы ақы төлеу, әлеуметтік қорғау, аттестаттау, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын орындау мәселелері шешіледі.