Күрделі жөндеу жүргізу барысы туралы

Күрделі жөндеу жүргізу барысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы мониторингтік іс-шаралар шеңберінде ағымдағы жылы күрделі жөндеулер жүргізіліп жатқан Петропавл қаласындағы білім беру нысандарының жұмыстарымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы осындай нысандар саны– 24, Петропавл қаласы бойынша – 5.

«Бірінші қалалық жалпы білім беру лицейі» КММ-де Абай Құнанбаев көшесі, 100 мекенжайы бойынша 49 млн.теңге сомасына 947 шаршы метр ғимараттың қасбетін жөндеу қарастырылған. Мектеп аумағында орналасқан ұлдарға арналған шеберхана ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қасбет бойынша жұмыстардын орындау пайызы - 20%, ал шеберхананы жөндеу бойынша – 18% құрайды. Нысанда жұмыс істейтін жұмысшылар саны 6 адам.

«Дарын» мектеп-лицейі» КММ-де 21 млн. теңге сомасына 6 қосалқы шығуға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда жұмыстар 30% - ға орындалды.

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-да шатырдың жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйыммен шарт 161 млн. теңге сомасына жасалған. Балабақша меңгерушісі Ахметова Айгүл Сабырбайқызының айтуынша, ғимарат пайдаланылған күннен бастап шатырға жөндеу жүргізілмеген, сондықтан жауын-шашын кезінде шатыр толығымен ағып кетіп отырылған.

Бүгінгі күні бөлшектеу жүргізілді, кірпіш қалау жүргізілуде, жұмыстардың орындалу пайызы 20% -ды құрайды, шарт бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 30 тамызында аяқталу қажет, «Галаген Азия» ЖШС мердігерлік ұйымдарының өкілдері жұмысты ертерек аяқтауға уәде беруде.

Сондай-ақ, Департамент басшысы Омбы, 6 көшесінде орналасқан «Родник» балалар-жасөспірімдер клубының күрделі жұмысымен танысты. Объектінің қасбеті, есіктері, терезелері жөнделуде. Жұмысты «ЕС Бизнес-Консалтинг» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Жұмыстар 1 маусымнан бастап жүргізіле басталған, ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады деп күтілуде. «Қалалық балалар-жасөспірімдер мектептен тыс жұмыс орталығы» КММ басшысы Сейтмұхамбетова Идея Ғабдухаққызының айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстар 60% орындалды.

Білім беру мекемелерін жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау Департаменттің тұрақты бақылауында.