
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН!
Қай кезеңде де журналистер жоғары кәсіби деңгейімен және айқын азаматтық көзқарасымен ерекшеленеді.
Ең маңызды әрі өзекті тақырыптар бойынша хабардар етіп, еліміздің дамуына және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қолдау көрсетіп келетіңдері сөзсіз.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Оның ішінде қаламыздың белсенді журналистері: Ақерке Дәуренбекқызы Қабікеева-«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі, Гульнар Сайлауовна Калиева - «Qazmedia» ақпараттық агенттігінің журналисі, Елена Юрьевна Горбань -РТРК «Qyzyljar» СҚОФ АҚ редакторы, Валерия Константиновна Филатова -«СҚО әкімдігінің МТРК» ЖШС тілшісі, Дарья Андреевна Пешкова - Qz news ақпараттық агенттігінің бас редакторы.
Департамент ұжымы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс және кәсіби жетістіктер тілейді!