Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау мәселесі бойынша қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен онлайн-кеңес өткізді.
Кеңеске қатысушыларға мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа объектілер салу, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылу беру маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨБ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, аула дәретханаларын бөлшектеу бойынша мониторингтік іс-шараларды жүргізу бойынша түсініктемелер берді.
Сондай-ақ, басшы оқулықтар мен ОӘК сатып алу, білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтардың бос орындарын жабу, жалпыға бірдей оқыту бойынша бөлінген қаржыны игеру, мектептердің, кабинеттердің, кітапханалардың, асханалардың қасбеттерін безендіру кезінде «АДАЛ АЗАМАТ» брендбукін пайдалану, жеке мектептерге «АДАЛ АЗАМАТ» бағдарламасын енгізу мәселелеріне назар аударды.
Мониторингтік іс-шаралармен меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары қамтылатынын еске салып өтті.