Бүгін Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы азаматтарды қабылдады. Петропавл қаласында орналасқан КММ «№26 мектеп-балабақша» дене тәрбиесі мұғалімі Арман Алтынбекұлы Жақсыбаев жаңа мемлекеттік стандартта балалардың жынысына, яғни ұлдарға, қыздарға байланысты кіші топтарға бөлу дене тәрбиесі сабақтарында қарастырылғаны немесе қарастырылмағаны туралы білгісі келді.
Департамент басшысы Арман Алтынбекұлына қойылған сұрағына түсініктеме берді. Негізінде бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасын әзірледі.
Жаңа МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталады, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланған.
Бірақ МЖМБС 1-4, 5-9-сыныптарда гендерлік негізде бөлу қарастырылмаған. ҚР ПМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК ақпараты бойынша балаларды гендерлік белгісі бойынша бөлу мәселесі 10-11 сыныптарға МЖМБС енгізу бойынша қаралатын болады.