2025 ж. 11.06. Департамент басшысы Г.Т.Таласбаева Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының кеңесіне қатысты.
Аталған кеңес білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары қатысуымен кеңес өтті.
Кеңесте өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды:
-Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау нәтижелері
-2025 жылы өткізілетін ОЗНО
-«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы және 2025–2026 оқу жылына арналған міндеттер
-«943 – Елдің мақсатты мектептері» жобасының жүзеге асырылуы
-Оқушылардың республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктері
-Кадрмен қамтамасыз ету және қазақ сыныптарын ашу мәселелері
-Жылыту маусымына дайындық және күрделі жөндеу жұмыстары
-Балалардың жазғы демалысы: тәжірибе және міндеттер
-Қауіпсіздік, абаттандыру және оқулықтармен қамтамасыз ету
Кеңеске қатысушылар жаңа оқу жылына арналған жоспарларды талқылап, облыстағы білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдарды белгіледі.