«Әдістемелік кабинеттерді трансформациялау» тақырыбы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеттері басшыларының отырысына қатысу

«Әдістемелік кабинеттерді трансформациялау» тақырыбы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеттері басшыларының отырысына қатысу

Бүгін, 2025 ж. 10.06. Департамент басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастырған «Әдістемелік кабинеттерді трансформациялау» тақырыбы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеттері басшыларының отырысына қатысты.

Білім беру сапасын арттырудағы әдістемелік кабинеттер жұмысының рөлі орасан зор.

Әдістемелік жұмыстағы ең бастысы - педагогикалық қоғамдастыққа нақты, пәрменді көмек көрсету. Әдістемелік жұмыс - бұл ғылымның жетістіктеріне, озық, педагогикалық тәжірибеге негізделген және әр мұғалімнің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған практикалық іс-шаралардың арнайы кешені. Бұл кешен жалпы педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін арттыруға, сайып келгенде – білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған: білім деңгейінің өсуі, оқушылардың тәрбиесі мен дамуы.

Қазіргі уақытта республикада облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде 20 әдістемелік орталық, сондай-ақ аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің 205 әдістемелік кабинеті жұмыс істейді. Қазақстанда әдіскерлердің жалпы саны 2 963 адамды құрайды, оның 1 329 – ы (45%) қалаларда, ал 1 634-і (55%) ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында барлық аудандық білім бөлімдерінде 140-тан астам әдіскер жұмыс істейтін әдістемелік кабинеттер бар.

Отырыста басшы 2025 жылдың өткен кезеңіндегі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары және профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер қорытындылары туралы баяндама жасады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізгі бұзушылықтарын атап өтіп, әдістемелік кабинеттер меңгерушілері мен әдіскерлердің назарын білім беру ұйымдарын бақылау іс-шараларына дайындау мәселелеріне аударды.

Сондай-ақ, білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.