Жазғы сауықтыру лагерлерінің мониторингісі

Жазғы сауықтыру лагерлерінің мониторингісі

Жазғы сауықтыру лагерлерінің мониторингі шеңберінде Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан «Березка» сауықтыру лагеріне барды. Мониторинг қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 3 маусымындағы жағдай бойынша лагерьдің дайындығы 99% - құрайды, шөп шабу жұмыстары аяқталуда.

Биылғы жылы асхананы жөндеу, спорт алаңдарын абаттандыру, модульдік моншаның 4 корпусын сатып алу бойынша үлкен жұмыс атқарылыпты. Өткен жылдан бастап жергілікті бюджеттен жатын корпустарын, клубтың шатырын жөндеуге 150 млн. теңге бөлінген екен. Сонымен қатар, жергілікті агроқұрылымдар көмек көрсетуде.

Лагерь директоры Ортамышев Мұрат Жмобайұлының ақпараты бойынша 500 баланы қамтитын 6 маусымның жұмысы жоспарлануда. Бүгінгі таңда қызметшілер штаты  құрылған, лагерьдің барлық нысандары балаларды қабылдауға дайын.