Жазғы сауықтыру лагерлерінің мониторингісі

Жазғы сауықтыру лагерлерінің мониторингісі

Жазғы сауықтыру лагерлерінің мониторингі аясында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы осы аптада облыстың 6 лагерінде болып, зерделеп қайтты. Ол Петропавл қаласында орналасқан «Достық» және «Аққайың», Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы «Қарлығаш», Шал ақын ауданындағы «Аю тас», Қызылжар ауданындағы «Серебрянный бор» лагерлері. Биылғы жылдың 30 мамыр күніне сәйкес мониторинг қорытындысы бойынша Шал ақын және Қызылжар аудандарының сауықтыру лагерлерінің дайындығы - 100%, Мүсірепов ауданы мен Петропавл қаласының дайындығы 80-85%, Есіл ауданының дайындығы әзірше 45-55% құрайды.

Есіл ауданының «Родник» лагерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 192,8 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілуде, бүгінгі күні жұмыстар жалғасуда.

Облыстың білім басқармасының ақпараты бойынша лагерьлерді қабылдау үшін білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатарынан ведомствоаралық комиссиялар құрылған.

Жазғы маусымды сауықтыру лагерлерінің ашылуы ағымдағы жылдың 6-10 маусымы аралығында жоспарлануда.