Мемлекет басшысының бастамалары мен қолдауына сәйкес, Оқу-ағарту министрлігінің ауқымды шаралары жүзеге асырылуда, атап айтқанда қазіргі таңда Қазақстанда 105 заманауи мектеп салынды, 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда, педагогтардың кәсіби өсуі үшін жағдайлар жасалуда, білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесінің жаңа моделі қалыптасты, оқулықтардың 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды, жасанды интеллекті оқыту элементтерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, дарынды балаларға қолдау жасап, ынталандыру бойынша жұмыстар жалғасуда, білім беру сапасын арттыру үшін ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілуде.
Кез келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуге байланысты. Осы бағыт шеңберінде барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» табысты іске асырылуда.
Инклюзивті білім беруді дамытуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға ерекше назар аударылуда, педагог мәртебесі дамуда және тағы басқа көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Оқу жылының аяқталуына орай, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан берілген үздік 100 мектеп қатарына Солтүстік Қазақстан облысының 5 мектебі енді.
«Үздік мектеп-2025» марапатталған білім ұйымдары:
-«Петропавл қаласының Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ,
-«Қызылжар ауданының №2 Бескөл орта мектебі» КММ,
- «Жамбыл ауданының Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ,
- «Тайынша ауданының №1 Чкалов орта мектебі» КММ,
-«Есіл ауданының кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ.
Оқу жылының аяқталуына арналған іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Т.Таласбаева және Департамент қызметкерлері М.А. Панарина, К.Б. Нұртаева, М.Ж. Серікбаева, А.Қ.Валеева «Үздік мектеп-2025» білім ұйымдарына марапаттауын табыстап, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың құттықтау сөзін мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға жеткізілді.