2024 жылы 1 наурыз күні Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп нормалары мәселелерін алқалы және жария қарау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші органның жаңа құрамымен және білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен кезекті отырыс өткізілді.
Консультативтік-кеңесші органның төрағасы С.Курманбекова Департамент жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші органның жаңа құрамымен таныстырып өтті.Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің қызметіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бірқатар білім мекемелерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізбегендігін, Әдеп кеңесінің құрамының дұрыс құрылмағанын баса айтты. Департамент тарапынан анықталған кемшіліктерді айта отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Консультативтік-кеңесші органның мүшелері ардагер ұстаздар білім беру ұйымдарындағы Әдеп кеңесі төрағаларымен де арнайы кездесулер ұйымдастырып, педагог мәртебесін көтеруде, педагогтардың құқығын қорғау мақсатында бірлесе жұмыс атқаратындарын айтып өтті.