
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.
Осыған сәйкес, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті лицензиялау рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес жүргізді.
Нәтижесінде белгіленген талаптарға сәйкес келген үш ұйымға балаларды сауықтыру қызметімен айналысуға лицензия берілді. Олар:
1. «Үш-бұлақ» маусымдық сауықтыру лагері;
2. "Hawaii Shymkent" маусымдық сауықтыру лагері;
3. Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 Оқушылар сарайы» жанындағы дарынды балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру лагері
Жаңа лицензиялау жүйесі аясында Шымкент қаласында алғаш рет дарынды балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта мұнда қалалық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан 110 бала кезең-кезеңімен демалуда.
2026 жылғы жазғы маусымда қала аумағындағы және қала сыртындағы лагерлерде барлығы 11 200 бала демалыспен және сауықтырумен қамтылу жоспарланған. Балалар 10 күндік кезеңдермен демалысқа қамтылып, қауіпсіз әрі мазмұнды ортада демалуда.
Алдағы уақытта да балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы демалысын ұйымдастыру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.