Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы

Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы

2025 жылғы 20 маусым күні №79 жалпы орта білім беретін мектепте Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
Кеңесте мұғалімдердің мектеп әкімшілігіне қатысты білдірген арыз-шағымы мен наразылықтары қаралды.
Кеңес мүшелері мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің кәсіби әдеп нормаларын сақтауына баса назар аударуды, білім сапасын жоғары деңгейге жеткізуге және қолданыстағы заң аясында жұмыс жасауға көңіл бөлу қажет екендігін айтты.