2025 жылғы 23 мамырда Н. Оңдасынов атындағы № 38 мектеп-гимназиясында өткен 2024-2025 оқу жылының сәтті аяқталуына арналған салтанатты мерекелі іс-шарада Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Н. Төлбасиева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың құттықтау сөзін жеткізіп, «Үздік мектеп - 2025» марапатын салтанатты түрде табыстады.
Бұл мәртебеге білім ошағы оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың жыл бойына бірлесіп қосқан үлесінің арқасында жетіп отыр!
Еліміздің болашағы – Жас түлек келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын!