Шымкент қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан “Үздік мектеп – 2025” атағына лайық деп танылды!
Бұл – ұстаздар қауымының қажырлы еңбегі мен оқушылардың білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Лицей ұжымын осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
📣 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың ыстық лебіздері мен шынайы құттықтауын Шымкент қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілі М.А. Абдираимова табыстады.
Осындай биік марапат – білім сапасының, тәртіп пен тәрбиенің және жаңашылдықтың нәтижесі!
🔹 Мектебімізге толағай табыс, шығармашылық серпін, биік белестер тілейміз!