2025 жылғы 22 мамыр күні қала әкімінің орынбасары С.Құранбектің басқаруымен Шымкент қаласында мектептердің ата-аналар комитеті төрағаларымен және мектеп директорларының қатысуымен маңызды жиналыс өтті. Жиынның басты мақсаты – білім беру процесі мен мектеп тәрбиесін жетілдіруде ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығын нығайту. Бұл кездесу балалардың білімі мен тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның рөлін нығайтуға арналды.
Жиналыста оқушылардың білім сапасын арттыру, мектептегі тәртіп ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу және мектеп формасына қатысты мәселелер талқыланды.
Департамент басшысы Р.Әліш жиын барысында ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің бірлескен жұмысын, ата-аналардың міндеттері мен жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтіп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Жиналыс қоғам, отбасы және мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.