Өңірде облыс мектептерінің білім беру қызметіне лицензияларды қайта ресімдеу рәсімі жалғасуда. Бүгінгі таңда 60 білім беру ұйымының лицензиясы қайта ресімделді.
2025 жылғы 8-9 сәуірде білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің мамандары Павлодар және Екібастұз қалаларының, Железин, Шарбақты аудандарының және Аққулы ауданының мектеп басшыларымен онлайн режимінде кеңес өткізді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын қолданысқа енгізілуіне байланысты кеңес қатысушыларына лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеудің алгоритмі мен тетігі бойынша түсініктемелер берілді.