
Павлодар облысында мектепішілік бақылауды ұйымдастыруға мониторинг басталды
2026 жылғы 19 маусымнан бастап Павлодар облысы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша өңірдегі білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды (МІБ) ұйымдастыруға мониторинг жүргізуге кірісті.
Мониторинг мектепішілік бақылау жүйесінің тиімділігін зерделеу, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі. Жұмыс барысында бекітілген формаға сәйкес ұсынылған материалдарға талдау жасалып, сондай-ақ мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігі зерттеледі.
Ерекше назар МІБ іс-шараларын жоспарлау мен іске асыруға, оқу-тәрбие процесі нәтижелерін талдауға, әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жұмысына және бақылау қорытындылары бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауға аударылады.