
Павлодар облысының Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Павлодар облысы білім басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Жасқайрат негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ-не қатысты бақылау іс-шараларын жүргізді. Жоспардан тыс тексеруді жүргізуге бұған дейін бару арқылы өткізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген нұсқаманың белгіленген мерзімде орындалмауы негіз болды. Тексеру барысында білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының жойылуға тиіс жекелеген бұзушылықтары толық көлемде орындалмағаны анықталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Департамент бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілей отырып, қайтадан нұсқама берді. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау органының заңды талаптарын орындамағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік іс қозғалып, әкімшілік айыппұл салынды.