Ағымдағы жылдың 16 маусымында Департаментте құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді. Шара барысында Департамент басшысы Г.К.Уздембаева қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 200 Қаулысымен бекітілген Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамамен таныстырды.

Талқылау барысында құқықтық сана мен «заң және тәртіп» мәдениетін қалыптастыру — қауіпсіз әрі әділ қоғамның негізі екендігі, бұл ретте білім беру жүйесіне басты рөл жүктелетіні ерекше атап өтілді. Құқықтық мәдениетті және кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Осыған байланысты Департамент қызметкерлерінің алдына педагогикалық әдептің сақталуын бақылауды күшейту, лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдары арасында құқықтық ағарту жұмыстарын белсенді жүргізу бойынша міндеттер қойылды.
Гульнара Каиртасқызы лауазымдық міндеттерді атқару кезінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуде әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша Департамент ұжымына өңірдің ведомстволық бағынысты ұйымдарында білім беру туралы заңнаманың сақталуын бақылау шеңберінде Тұжырымдама ережелерін іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.