
Департаменттің лицензиялау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда білім беру ұйымдарының лицензияға қосымша алуға берген өтініштері қаралды. Құжаттарды талдау нәтижесі бойынша комиссия мүшелері біліктілік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар әзірледі.
Білім беру ұйымдарының басшыларына лицензиялау рәсімінен өту үшін құжаттар пакетін дайындау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығының нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне назар аударамыз.