
Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасын" талқылау жөніндегі диалог алаңына қатысты.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және сыбайлас жемқорлықтан азат ортаны құрудың өзекті мәселелері қаралды. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда ашықтық пен есептілік қағидаттарын дамытуға ерекше назар аударылды. Диалог алаңына қатысушылар сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың және қоғамның сенімін нығайтудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде комплаенс-қызметтерді енгізу мәселелерін талқылады.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылық арасындағы ашық диалогқа, сондай-ақ адал және әділ қоғамды қалыптастырудың бірлескен тәсілдерін әзірлеуге ықпал етеді.