
Департаментте дипломның атқаратын лауазымының талаптарына сәйкес келмеуі мәселелері бойынша азаматтарды басшының жеке қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында біліктілікті растауға, білімнің жұмыс бейініне сәйкестігіне және педагогикалық қызметке рұқсат беру тәртібіне байланысты мәселелер қаралды.
Қабылдау барысында қолданыстағы нормативтік талаптар, сондай-ақ қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуді қоса алғанда, шешудің ықтимал жолдары бойынша толық түсініктемелер берілді.