
«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК-да техникалық және кәсіптік білім беру мамандығы бойынша лицензияға қосымшаны беру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша рұқсаттық бақылауы жүргізілді.
Аймақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, колледж «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» жаңа мамандығы бойынша білікті кадрлар даярлауды жоспарлап отыр.
Колледж оқу процесін жүзеге асыру үшін тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алды, шеберханалар мен зертханалар заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандырылды, арнайы пәндер оқытушылары өндірісте тағылымдамадан өтті.
Барлық жұмыс «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС қолдауымен және жұмыс берушімен ынтымақтастықта жүргізіледі.