
Қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдерінің мәліметтері бойынша 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар желісі: балабақшалар – 161 (оның ішінде мемлекеттік – 146, жекеменшік – 15), шағын орталықтар – 220, мектепалды даярлық сыныптары (МДС) – 227.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған ұйымдардың барлығы лицензиялауға жатады, атап айтқанда: білім беру қызметін жүзеге асыру үшін бас лицензия алу (балабақшалар) және білім беру қызметінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кіші түрі бойынша лицензияға қосымша алу (жанында шағын орталықтар мен МДС жұмыс істейтін мектептер).
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің мамандары Департаментке әрбір білім беру ұйымы бойынша қажетті рұқсат беру құжаттарының бар-жоғы және біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы алдын ала мәліметтер ұсынды. Ұсынған деректерге жүргізілген талдау нәтижесінде қазіргі таңда тек 33 балабақшада ғана лицензия алу үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары бар екені анықталды. Оның ішінде Павлодар қаласында – 1 балабақша, Екібастұз қаласында – 14, Ақсу қаласында – 10, Павлодар ауданында – 6, Успен ауданында – 2 балабақша.
Департамент 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы” бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрығымен біліктілік талаптары қолданысқа енгізілетінін еске салады