Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Білім саласында сапаны қамтымасыз ету департаментінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

Кеңес барысында қызметтік хат негізінде қаралған мәселе бойынша материалдар жан-жақты зерделеніп, тараптардың уәждері тыңдалды. Отырыста педагогтің кәсіби мінез-құлқы мен педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Қарау қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларының бұзылу фактісі анықталып, тиісті ұсынымдар берілді. Кеңес білім беру ұйымы басшылығына қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау, сондай-ақ педагогикалық ұжым арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы ұсыныс енгізді.

Сонымен қатар, білім алушылардың құқықтарын қорғау, олардың психологиялық жай-күйін бақылау және сыныптағы қолайлы моральдық-психологиялық жағдайды сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Педагогтерге кәсіби әдеп талаптарын қатаң сақтау, білім алушылармен қарым-қатынаста педагогикалық әдеп пен сабырлылық қағидаларын ұстану, даулы жағдайларды заң аясында шешу бойынша ұсынымдар берілді.