Департамент басшысы азаматтарды қабылдау аясында білім беру ұйымындағы жағдай бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында кәмелетке толмаған ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың құқықтарының сақталуына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Өтініш иесі білім беру процесін ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, түзете-дамыту көмегінің қолжетімділігі, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) құқықтық баға беру қажеттігі туралы уәждерін жеткізді.

Кездесу барысында ұсынылған материалдар мен дәлелдер назарға алынып, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Баланың қауіпсіздігін, қадір-қасиетін және білім алу құқығын қамтамасыз ету – білім беру ұйымдарының тікелей міндеті екендігі ерекше атап өтілді.

Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу, тиісті тексеру шараларын ұйымдастыру және заң шеңберінде шешім қабылдау қажеттігі белгіленді.