Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен ағымдағы апта ішінде білім беру ұйымдарына бару арқылы үш профилактикалық бақылау жүргізілді

Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен ағымдағы апта ішінде білім беру ұйымдарына бару арқылы үш профилактикалық бақылау жүргізілді

Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен ағымдағы апта ішінде білім беру ұйымдарына бару арқылы үш профилактикалық бақылау жүргізілді: Май ауданының «Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі», Ақсу қаласы «Құркөл ауылындағы Донентаев атындағы орта мектеп» және Аққулы ауданының «Садуақас Сатыбалдин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі».

Профилактикалық іс-шаралар білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуді, сондай-ақ білім алушылардың құқықтарының қорғалуын бағалауға бағытталды.

Бару барысында құжаттама зерделеніп, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, нормативтік талаптар мен ішкі регламенттердің сақталуы талданды. Білім беру ұйымдарының басшыларына анықталған ескертулерді жою және болашақта бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Профилактикалық бақылау жұмыстары облыс білім беру ұйымдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі түрде жалғасатын болады.