
Лицензиялау бойынша дайындық жұмыстары шеңберінде шағын орталықтар мен мектепалды дайындық сыныптары жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізілді.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтары бойынша түсіндірмелер берілді («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 ж. 27.11-дегі № 268 бұйрығы).
Кеңеске 200-ден астам мектеп басшылары мен қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.