
2025 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж. Д. Сүлейменованың төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша № 50 хаттамалық тапсырманың 5.4-тармағын орындау мақсатында Павлодар қаласындағы келешек мектептері — № 47 және № 48 жалпы орта білім беру мектептерінің білім беру қызметіне мониторинг жүргізілді.
Мониторинг облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімдері, өңірлік «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының мамандары және Департамент қызметкерлерінің бірлескен қатысуымен жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында білім беру процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысының сапасы, педагогтердің әдістемелік қамтамасыз етілуі, сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қаралды. Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, білім беру қызметін одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.