Павлодар қаласының № 33 мектебінде профилактикалық бақылау жүргізілді

Павлодар қаласының № 33 мектебінде профилактикалық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 бұйрығын орындау аясында департамент қызметкерлері Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөліміне қарасты «Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне профилактикалық бақылаумен барды.

Профилактикалық бақылау барысында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогтердің құжаттаманы жүргізу тәртібі, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері қаралды. Білім беру ұйымына әдістемелік ұсынымдар берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша мектеп аттестатталды. Профилактикалық бақылау білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетуге және білім сапасын арттыруға бағытталған.