Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының Павлодар облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының Павлодар облысына жұмыс сапары

2025 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кенесұлы Аширов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне барды.

Сапар барысында Серік Кенесұлы Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізіп, онда департаменттің ағымдағы жұмыстары мен басым бағыттары талқыланды. Кеңесте 2025 жылғы 15 тамызда өткен тамыз конференциясында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ бұған дейін қойылған міндеттердің іске асу барысы қаралды.

Серік Кенесұлы білім беру үдерісінің жоғары сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды және департамент қызметін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсынымдар берді. Әсіресе, сыртқы сапаны бағалау мәселелеріне, мониторинг жүргізудің объективті әдістемелерін жетілдіруге, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға және мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.